Кәсіподақ ұйымының жалпы жиналысында кәсіподақ төрағасының есебі тыңдалып, қанағаттанарлық деп танылды. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Молдабекова Гүлнұр Орынбасарқызы бірауыздан қайта сайланып, өз кезегінде салалық кәсіподақ филиалының конференциясына делегат болып сайланды.
Жиын соңы «25 қазан - Республика күні» мерекесіне және «27 қазан - Әлеуметтік қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған салатанатты іс-шараға ұласты.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы ұжым қызметкерлерін Республика күнімен және Әлеуметтік қызметкерлер күнімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне филиалдың наградаларын табыстап, «Сарыағаш шипажайына» жеңілдікпен жолдама берді.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгілерімен дефектолог мұғалім Одаманова Дәнегүл және палата санитары Әжібекова Сәуле, сондай-ақ «Алғыс хаттарымен» дефектолог мұғалімдер Алтимбекова Несібелі, Есентаева Баян, Меңлібекова Ақтоты, Жорабаева Салтанат, Сәрсен Гауһар, Сенбекова Мәдина, Әжітаев Тойлыбай, Тәжібаева Мәдина, логопед Сугралиева Сара, тәрбиешілер Садырбаева Зина, Шейілова Шолпан, Ташпулатова Гаухар, шаруа бике Бердібекова Зәуре, аға мейірбике Құлышова Жәмила, қойма менгерушісі Юльчиева Оксана, ас мәзір бикесі Кенбаева Райхан марапатталды.
Сондай-ақ, аға мейірбике Жәмила Әлімбергенқызы Құлышоваға «Сарыағаш шипажайына» жеңілдікпен жолдама берілді.
Мерекелік шарада патриоттық өлеңдер орындалып, көңіл күй көтеретін әуенді әндермен жалғасты.