Сенбі, 26 Қазан 2024 11:19

Шымкент: Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері марапатталды

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы - Шымкент қаласының Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов және басқарманың басшысы Асхат Таженов ұжым қызметкерлерімен кездесу өткізіп, кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.

Қорытындысымен өткізілген бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру - сайлау жиналысында кәсіподақ ұйымы төрағасының есебі қанағаттанарлық деп танылып, кәсіподақ төрағасы болып Гүлмира Ешимбетова  қайта сайланып, тиісінше салалық кәсіподақ филиалының конференциясына делегат болып сайланды.  

Жиналыс салтанатты жиынға ұласып, «25 қазан - Республика күні» мерекесіне арналған іс-шараға ұласты.

Салтанатты жиынды басқарманың басшысы Асхат Қалдыханұлы ашып, атаулы мерекемен құттап, мерекелік күннің тарихына және басқарманың атқарған жұмыстарындағы жетістіктерін атап өтті.

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы барлық қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, департаменттің белсенді кәсіподақ мүшелеріне филиалдың наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласының Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Таженов Асхат Қалдыханұлы, «Құрмет грамотасымен» басқармасының бас мамандары Кадирова Роза Сұлтанқызы және Байксиев Жамалбек Өсерұлы, сондай-ақ «Алғыс хатпен» басқармасының бас мамандары Сұлтанов Данияр Ергешұлы мен Мелдешов Дәулет Абдрахманұлы марапатталды.

Оқылды 23 рет