Сәрсенбі, 13 Қараша 2024 13:09

Шымкент: Қаратөбе тұрғын алабы көгілдір отынға қосылды

Шымкент қаласында халықты табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қаратөбе тұрғын алабы көгілдір отынға қосылды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков осы шараға арнайы қатысып, жергілікті тұрғындармен бірге газды іске қосу шарасына қатысты.

Әкім өз сөзінде елдімекендерді газдандыру – қала экологиясын жақсартып, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жеңілдету жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол тұрғындарды газды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Бұған дейін Қаратөбе тұрғындары тұрмыста сұйытылған газ, көмір және басқа да отын түрлерін пайдалануға мәжбүр болып келген. Бұл қолайсыздықтар тұрмыстық қиындықтарды ғана емес, қауіпсіздік мәселелерін де туындататын.

Бұған дейін халық тұрмыста сұйытылған газ, көмір және отын пайдаланып келді. Бұл халық үшін едәуір қиындық туғызған әрі адам өмірі үшін де қауіпті. Енді көгілдір отынға қол жеткізген тұрғындардың жылыту шығындары да азаяды. Айта кетейік, газдандыру жұмыстары биылғы жылдың мамыр айында басталған болатын, қазіргі уақытта 62 абонент табиғи газ жүйесіне қосылып үлгерді.

Айта кетейік, бұған дейін  табиғи газ Қайнарбұлақ және Бозарық сияқты басқа елді мекендердің тұрғындарының үйлеріне жеткізілген болатын. Қазіргі уақытта жұмыстар жалғасуда және 2024 жылдың соңына дейін тағы үш елді мекенді: Бозарық-2, Ынтымақ-2 және Тассайды газдандыруды аяқтау жоспарлануда. Осылайша, жыл соңына қарай Шымкентте бірнеше шалғай аудандар табиғи газбен қамтамасыз етіледі, бұл газды көбірек қала тұрғындары үшін қолжетімді етеді. Алдағы жылдары газдандыру барлық шымкенттіктер үшін табиғи газға тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, қаланың барлық елді мекендерін қамтиды деп күтілуде.

 

Оқылды 24 рет