Онда қаладағы колледж шәкірттері, мектеп оқушылары мен қала тұрғындарынан 63 өтінім түскен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қолдауымен, «Бәйтерек» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған байқау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және жастардың бойында адалдықты көтермелеу, дарынды жастарды қолдау, олардың шығармашылығын дамытуды мақсат еткен.
— Қалалық сурет байқауы 1 кезеңде және 2 топтық жас ерекшелікпен өтеді. Бірінші топ –14 пен 16 жас, екінші топ – 17 мен 21 жас аралығы. Жүлделі орындарды анықтау барысында қазылар алқасы шығармалардың тақырыптарының ашылуына, түстер үйлесіміне, композициясына баса назар аударады. Қатысушылар 90 минут ішінде тақырыпқа сай сурет салады. Ал, ән және поэзия байқауындағы қатысушылар жанды дауыста ән шырқап өнер көрсетті,-дейді «ШАҢЫРАҚ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығының жетекшісі Сабира Мұратқызы.
Жастар бойындағы шығармашылықты арттыру, олардың дамуына ат салысуды мақсат еткен байқау дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Биылғы жылы 4 рет өткізілген шығармашылық байқау өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптей отырып, ұлттық тәлім-тәрбиені үйретіп келеді. Бұл рухани байқаудың жүлде қоры 450 000 теңгені құрайды. Байқаудың жеңімпаздары қаржылай сыйлықтар алып, қала әкімінің дипломымен марапатталады. Көркем сөз оқу номинациясы бойынша Аль-Фараби атындағы мектебінің оқушысы Сабина Әбдуәлі І орынды иеленіп, 100 000 теңге қаржылай сыйақыны жеңіп алды. Ал, Мирас университетінің студенті Ұлжан Сәрсен ІІ орынды қанжығасына байлап, 75 000 теңге иеленді. Саз колледжінің студенті Асқар Бекзат үздік үштікті түйіндеді. Ол 50 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. «Ең үздік шығарма» номинациясын, С.Ерубаев атындағы 24 ІТ мектеп оқушысы Ақсүйкім Ізбасар жеңіп алды.