«Қала халқына қолайлы жағдай жасау үшін қоғамдық көлік жүйесінің қызметін одан әрі дамытып келеміз. Біздің негізгі міндет – қызмет сапасын арттырып, қала тұрғындарының күнделікті өмірін жақсарту. Осы ретте, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын ескеріп, биылдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүретін азаматтардың санатына 70 жастан асқан зейнеткерлер мен мектеп оқушыларын енгіздік»,-деді қала әкімі.
Тасымалдаушы компанияларға автобустардың аялдамаға тоқтамауы және тыс жерлерден жолаушыларды отырғызу, түсіру, кешігу фактілері бойынша жауапкершілігі күшейтіліп, салынатын айыппұл көлемі 2 есеге ұлғайтылды.
Қоғамдық көліктердің қозғалысын бақылап, кестеден ауытқуды автоматты түрде айқындайтын жүйе енгізілді.
Нәтижесінде, жыл басынан анықталған фактілерге сәйкес, 585,5 млн теңге бюджет қаржысы үнемделді.
Ашықтықты қамтамасыз етіп көлеңкелі ақша айналымын заңдастыру мақсатында қоғамдық көліктердегі қолма-қол ақша төлемін толығымен алып тастап, тек электронды төлем жүргізу бойынша шешім қабылданды.
Сонымен қатар, қазіргі электрондық төлем жүйесінде кемшіліктер орын алуына байланысты қолданыстағы келісім шарт бұзылды. Осы салада басқа елдер мен өңірлердің тәжірибесін зерттей келе, сәтті жүзеге асырылып жатқан жаңа жүйе енгізілді. Бұл жүйемен еліміздің 18 қаласы жұмыс жасап келеді.
Бүгінгі таңда, тасымалдаушы компаниялар тарапынан 19 автобус жаңартылып, қосымша 200 автобус алу міндеттемесі қабылданды.
Одан бөлек, 900-ге жуық жаңа аялдама павильонын орнату жұмыстары жүріп жатыр.
Қалада жеке инвестор есебінен теміржол вокзалы қайта жаңартылып, пайдалануға тапсырылды. Онда жолаушыларға барлық ыңғайлы жағдай жасалған.
Сонымен қатар жаңа әуежай терминалын жылдың соңына дейін іске қосамыз. Бұл әуе көлігі жолаушыларын өткізу қабілетін он есеге арттырады