«Батагөй қария» байқауының мақсаты - елді татулыққа, бірлікке, ырыс-ынтымаққа шақыру, бата дәстүрін дәріптеу. Бата беру-қазақ салт дәстүрлерінің ішінде әлі күнге дейін қолданысқа ие болып ескірмей келе жатқан салттың бірі. Бұл дәстүр тәрбиенің бастауы. Байқау 2 кезеңнен құралып, ауданымыздағы әр ауылдан 1 батагөй қариядан этнос ақсақалдары қатысып, бата беріп бақтарын сынады.
Сайыс қорытындысымен І орынды Шорнақ ауылының батагөй қариясы Ашенов Өтеген қария қанжығасына байлады. ІІ орынды Жүйнек ауылынан О.Мырзабеков иеленсе, жүлделі ІІІ орыннан Жусупов Максут қария көрінді. Сондай-ақ, белсене қатысқаны үшін Аша елді мекенінен А.Бабашев, Қарашық ауылдық округінен А.Ахмедов, Йассы ауылдық округінен Б.Мутенов, Жаңа Иқан ауылдық округінен М.Хасанов, Майдантал ауылынан Б.Ахатов, Жібек Жолы ауылынан Б.Төленбайұлы марапатталды.
«AQ-QARA.KZ»- ақпарат