Сейсенбі, 26 Қараша 2024 21:27

Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мемлекеттік қызметтерді цифрлы форматта ұсынады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» тақырыбында өткен  баспасөз конференциясында айтылды. 

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аудандық басқармалары тұрғындарға бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсетуде. Барлық қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн түрде алуға болады.

Көрсетілетін қызмет түрлері және мерзімдері:

1. Эпидемиялық мәні жоғары объектілердің нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру

- Қызмет көрсету мерзімі: 13 жұмыс күні.

2. Жаңа өнім түрлері мен нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру

- Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.

3. Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және реестр жүргізу

- Қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.

4. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымшаларды беру

- Қызмет көрсету мерзімі: 13 жұмыс күні.

5. Санитариялық-эпидемиологиялық маман сертификатын беру

- Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.

6. Дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтері бойынша лицензия беру

- Қызмет көрсету 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап қолжетімді.

- Қызмет көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

2014 жылға дейін алынған лицензиялар жарамсыз болып есептеледі. Бұл Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 53-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Қызметті қалай алуға болады?

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болуы қажет. Қызмет алушы қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырып, нәтижесін жеке кабинетінде көре алады.

Оқылды 92 рет