Жиынға қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Төрағасы Бахадыр Нарымбетов, партия филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев, қалалық мәслихаттағы партия фракциясының жетекшісі Қайрат Имашев, партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағалары, сондай-ақ, фракция мүшелері, тиісті басқарма басшылары мен аудандық филиалдардың төрағалары қатысты.
Жиын барысында қала экономикасы мен бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев аталған бағдарламаның іске асырылуы туралы баяндама жасады. Баяндамада сондай-ақ, көзделген мақсаттарға жету үшін атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы толық ақпарат берілді.
Күн тәртібінде бағдарламаның кейбір тармақтарының орындалмау қауіпі талқыланып, сала мамандарына қатысты сұрақтар қойылды. Қатысушылар тиісті сала жетекшілерінен жауаптар алып, орындалмаған міндеттер бойынша нақты шаралар белгілеу туралы ұсыныстар мен тапсырмалар берді.