Қабылдауға Республикалық Қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Сағындық Жылқыбаев, “AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, партияның Қаратау аудандық филиалының төрағасы Бауыржан Кеңесұлы және аудандық әкімдік қызметкерлері мен бірқатар басқармалардың өкілдері қатысты. Олар тұрғындарды жеке қабылдап, әртүрлі сұрақтарына жауап берді.
Қабылдауға 20-дан астам азамат келіп, олардың басым бөлігі инфрақұрылым мен әлеуметтік саласындағы мәселелерді көтерді. Сала мамандары өз бағыттары бойынша тұрғындардың қойған сауалдарына түсінікті әрі толық жауаптар беріп, көптеген мәселелердің оң шешілуіне ықпал етті.
Тұрғындар осындай қабылдаулардың өте қажет екенін айтып, іс-шараның ұйымдастырылуына қолдау білдірген «AMANAT» партиясына алғыстарын жеткізді. Бұл қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді және алдағы уақытта да осындай шаралар өз жалғасын таба бермек.