Жұма, 29 Қараша 2024 16:15

Шымкент: Цифрландыру басқармасы 10 айлық жұмысына есеп берді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласы бойынша цифрландыру басқармасының 2024 жылдың 10 айында атқарған жұмысының қорытындысы туралы» тақырыбында  баспасөз конференциясы өтті.

Сала басшысы,  Шымкент қаласында «Ақылды қала» эталондық стандарты аясында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтты. 

"2023 жылы осы бағыттағы көрсеткіш 61%-ға жетсе, ағымдағы жылы оны 70%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Қала аумағындағы 190 көше қиылысына бағдаршам нысандарын интеллектуалды көлік жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта интернетке қосылу бойынша келісімдер жасалып, жыл соңына дейін жүйе толық іске қосылады деп күтілуде.

346,6 шақырым автожолды жөндеу жоспарланған, оның ішінде 97 шақырым жол жөнделді. Қалада жалпы ұзындығы 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көше бар. Сондай-ақ, 235 000 шаршы метр шұңқырлар қалпына келтірілді",-деді ол.

Жиында Шымкент қаласындағы жасыл желектерді есепке алу және заңсыз ағаш кесу фактілерін болдырмау мақсатында «KAZ ITECH» ЖШС-мен бірлесіп «zhasylshym.kz» платформасы әзірленгені де айтылды. Қазіргі таңда платформаға 841 012 жасыл желек туралы мәлімет енгізілді.

Бұл жобалар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес, еліміздің барлық өңірлерінде «Astana Hub» үлгісі бойынша IT орталықтарын ашу қолға алынған болатын. Осыған орай, ағымдағы жылдың мамыр айында «Shymkent HUB» технологиялық паркі өз жұмысын бастады.

HUB-тың негізгі міндеттері:

• Тегін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету;

• Стартап жобалар бойынша консультациялар беру;

• IT-қоғамдастықты қалыптастыру және дамыту;

• Технологиялық кәсіпкерлікті дәріптеу.

HUB ашылғалы бері 55 іс-шара ұйымдастырылып, 1559 келуші тіркелді. Аптасына бір рет IT және байланыс саласының мамандарының қатысуымен мастер-кластар өткізіліп келеді.

 «Shymkent HUB» өңірлік IT-қауымдастықты дамытып, технологиялық кәсіпкерліктің негізгі алаңына айналуды көздейді. Бұл бастама Шымкент қаласының цифрлық экономикасын нығайтуға айтарлықтай үлес қосуда.

Цифрлық технологияларды енгізу және қала инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында Шымкент қаласында бірнеше маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Олардың ішінде тұрмыстық қалдықтарды басқаруға арналған «Цифрлы контейнер» жүйесі және кадрлық басқаруды оңтайландыруды көздейтін «HR-process» жүйесі ерекше назар аудартады.

1. «Цифрлы контейнер» жобасы

Мақсаты:

• Қалдықтарды басқару жүйесін оңтайландыру;

• Бейнебақылау арқылы қоқыс алаңшаларының жағдайын бақылау;

• Қала тұрғындарының өтініштерін жедел өңдеу.

2. «HR-process» жүйесі

Мақсаты:

• Ұйымдардың кадрлық іс жүргізуін цифрландыру;

• Қызметкерлердің жұмысын бақылау және тиімділікті арттыру;

• Деректердің дұрыстығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Іске асыру:

• Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты №2 қалалық емхананың үш корпусына арнайы планшеттер орнатылды.

• Қызметкерлерге бағдарламаны қолдану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

• «КДС Франчайзинг» компаниясымен меморандумға қол қойылды.

Шымкент қаласында ұялы байланыс сапасын арттыру мақсатында 2023 жылы Өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп, байланыс жылдамдығы төмен 147 нүкте анықталды. Нәтижесінде 33 нүктеде базалық станциялар орнатылды.

5G технологиясын енгізу аясында:

• «Kcell» 133 базалық станцияны жаңғыртты;

• «Кар-Тел» 282 базалық станцияны қайта жаңартты.

2024 жылы анықталған 43 осал нүктенің шешімі үшін операторлар базалық станцияларды шеринг әдісімен бөлісуді және жаңа құрылғылар орнатуды жоспарлауда.

Бұл шаралар қала тұрғындарына сапалы әрі жылдам байланыс ұсынуды мақсат етеді.

Ұялы байланыс сапасын жақсарту жобалары Шымкент қаласы тұрғындарына жоғары жылдамдықты және сапалы мобильді байланыс ұсынуға бағытталған. Бұл жұмыстар қала инфрақұрылымын цифрландыруға және байланыстың қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан жалпы 13,3 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. 

Оның ішінде:

• 99% (13 191 914 қызмет) – электронды түрде;

• 1% (131 387 қызмет) – қағаз түрінде ұсынылды.

2024 жылдың 3-тоқсанының қорытындысы:

• Барлығы 10 712 667 қызмет көрсетілді:

o 98,4% (10 545 355 қызмет) – электронды түрде;

o 1,6% (167 312 қызмет) – қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметтердің ағымдағы жағдайы:

• Қала аумағында жалпы 165 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:

o 85% (140 қызмет) – электронды форматта;

o 15% (25 қызмет) – қағаз жүзінде.

Автоматтандырудағы жетістіктер:

• Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы өңірлік геоақпараттық жүйе арқылы 24 қызметті автоматтандырды, оның ішінде 2 қызмет жаңадан іске қосылды.

Бұл көрсеткіштер Шымкент қаласының цифрландыру бағытындағы даму қарқыны мен тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді қолжетімді етуге бағытталған жұмыстардың тиімділігін көрсетеді.

Оқылды 113 рет