Енді «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Архив-2025» жобасы аясында барлық құжаттар электронды жүйеге ауысып жатыр. Цифрлық таңбаға алдымен тұрақты сақталатын және сұранысқа ие құжаттар көшірілуде.
- Шымкент қалалық мемлекеттік архиві цифрландыруды 2020 жылы толық қолға алған. Мұнда 400 астам қорболса, 200 мыңнан аса сақтау бірлігі бар.2020 жылдан бері мұндағықызметкерлер 2 миллионнан астам парақты цифрлық таңбаға көшіріп үлгерген..
Шымкент қалалық мемлекеттік архиві жылына 6500-ге жуық құжатты сақтауға қабылдайды. Қазіргі таңда 5150 құжат қабылданып, жоспар 84 пайызға орындалған. Мемлекеттік сақтауда барлығы 203 579 құжат болса, оның 11 834-і басқарушылық, 191 576-сы жеке құрам, 169-ы жеке тектік құжат.
БАУЫРЖАН ОРЫНТАЕВ – МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
"2024 жылдық жоспарда 600 000 парақ саны, орындалуы 1717 сақтау бірлігінің 502 742 парақ саны цифрлы таңбаға көшірілді. Архивтік құжаттар қорын ұлғайту. 2024 жылдық жоспарында 6 150 сақтау бірлігі, орындалуы 5 150".
Мемлекеттік архивте фото және бейнеқұжат та сақталған. Мұнда Шымкент қаласына еңбегі сіңген құрметті азаматтар туралы деректер де бар. Олар да кезең-кезеңімен цифрлы жүйеге ауыстырылады. Мекеме мамандары алдымен архивтік құжаттардың маңыздысын цифрландырады. Бұл мақсатта 4 дана планетарлық сканер жұмыс істейді. Мекеме өкілдері жаңа көшірме техникасына тапсырыс беріп қойыпты.
АЛТЫН КЕҢЕСҚЫЗЫ - МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
"Қазіргі таңда біз 2 млн 68 мыңдай парақтан тұратын 15 700 сақтау бірлігін цифрлық таңбаға көшірдік. Біз қолданыстағы 4 планетарлы сканермен осынша үлкен жұмыс атқарып жатыр. Бұл жұмысты қарқынды жүргізу үшін қосымша материалдық техникалық базамызды нығату үшін сканер, сервер қажеттілігі және компьютер қажеттілігі бойынша өзіміздің жоғары тұрған басқармаға өтінім тастағанбыз. Сол орындалып беріп жатса бұл жұмысты қарқындатуға мүдделіміз".
Қалалық мемлкекеттік архивінің ғимараты толықтай жаңартудан өткен. Мұнда бұрын соңды болмаған көрме залы бар. Онда өңір құжаттарынан бөлек Ресей, Өзбекстан елдерінен алдыртқан маңызға құнды қағаздар сақталған.