Елімізде биыл 25 қараша мен 13 желтоқсан аралығында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» науқаны өтуде. Дәстүрлі акция аясында ұйымдастырылған кездесудің мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды насихаттау және қоғамда бейбіт әрі сыйластыққа негізделген қарым-қатынасты қалыптастыру.
Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жандосова отбасылық құндылықтар мен қоғамдағы зорлық-зомбылықты болдырмаудың маңыздылығына тоқталып, қоғамда бейбіт өмірді қалыптастыру жолдарын талқыға салды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әбдезов өзекті мәселені шешу бағытында бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді. Айта кетсек, дәстүрлі акция аясында әйелдердің өзін-өзі қорғау әдістемесі бойынша тренингтер, семинарлар, кездесулер өтіп жатыр. Оған қала тұрғындары, ҮЕҰ өкілдері, студенттер белсенді қатысуда.