Жиынға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі Б. Жандосова, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е. Ергеш, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының өкілі К. Иембердіев, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары К.Тұрлыбеков және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы директорларының орынбасарлары қатысты.
Жиналыста адам құқықтарының сақталуы, әлеуметтік қолдаудың тиімділігі және денсаулық сақтау жүйесінің проблемалары талқыланды. Сонымен қатар, әйелдер мен балалардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуына, мүгедектердің қоғамға бейімделуіне ерекше назар аударылды.
Қорытындысында адам құқықтарын қорғауды нығайту, әлеуметтік қолдауды жақсарту және денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша бірнеше ұсыныстар жасалды.