Жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөліскен қала әкімі газды пайдалану кезіндегі сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Айта кетейік, аталған шағын аудандарды табиғи газға қосу жұмыстары 2023 жылдан бері жүргізіліп келеді. Жұмыстардың уақтылы аяқталуының нәтижесінде Шымкентте 25 мыңнан астам абонент 2024 жылы газға қол жеткізеді. Тұрғын үйлерді көгілдір газға қосу қала экологиясы үшін тиімді, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Аяқталған нысандарды қосқаннан кейін Шымкентті газдандыру деңгейі 97,4% жететін болады. Жалпы шаһар қашан 100 пайыз көгілдір отынға қол жеткізеді? Бұл туралы толық ақпаратты сағат 21:00-дегі жаңалықтардан толық біле аласыздар.