«Еліміз ештеңе өндірмейді, барлығын сырттан алдырамыз» дейтін пікір, ара-тұра ел ішінде аяң беріп, халық дүрлігіп жатады. Бірақ аталған оймен келісуге болмайды. Өйткені Шымкенттің өзінде 5 индустриалды аймақ бар. Онда лифт және құрылыс крандарына қажетті бөлшектер, медициналық жабдықтар, жарықтандыруға қажетті құрылғылар өндіріледі. Сондай-ақ тағы басқа да бағыттар мен салаларды қамтитын 293 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Осылай деген Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов саладағы кем-кетіктер мен жетістіктерді жіпке тізіп, соңғы 10 айда атқарылған жұмыстардың есебін берді.
"Үшінші мегаполисте құны 1,5 млн доллар болатын жоғары кернеулі трансформаторлар шығарылады. Жылына аталған құрылғының 120 данасын даярлайтын зауыт оның 60 пайызын ішкі нарыққа, 40 пайызын экспортқа жөнелтеді. Өндірістің сапасы сын көтереді, стандарттарға сай келеді",- деп отыр жауаптылар.
Бір трансформатордың құны 1,5 млн доллар тұрады. Оның бір данасын құрастыру үшін 1 жыл уақыт кетеді. Өйткені оның сапас стандарттарын жіті тексерістен өткізу қажет.
Биыл Шымкентте Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 48,8 мың тоннаны құраған. Ал өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 805 млрд теңгеге жетіп отыр. Негізгі капиталға тартылған инвестициялардың көлемі де едәуір артып, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 пайызға өскен. Жылдық жоспар межесіне жетіп, 275,7% орыдалған.
«Шымкент қаласы мегаполис болғалы инвисциясы көлемі 3,5 пайызға артқан. 2019 жылы 195 млрд теңге инвистиция тартылса, биыл 662 млрд теңгеге инвицистиция тартылды»,-деді кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Е.Тұрманов.
Қазір Мегаполистің өнеркәсіп саласында 981 кәсіпорын белсенді жұмыс істеп тұр. Оның 19 – ірі, 46 – орта және 916 –сы шағын өндіріс орындары. Соңғы он ай ішіне аталған кәсіпорындар 913,9 млрд теңгенің өнімін өндіріп, былтырғы межеден 2 пайызға озған.