Сәрсенбі, 07 Қараша 2018 11:26

Отырарда «Қыс-2018» оқу-жаттығу жиыны өтті

Отырар ауданындаазаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштері мен құралдаын даярлау мақсатында «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Онда қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға байланысты тиісті мекемелердің дайындықтары жан-жақты пысықталды. 

Отырар ауданындағы төтенше жағдайлар комиссиясының, авариялық-құтқару қызметтері мен ерікті өрт сөндіру құрылымдарының күштері мен құралдарының төтенше жағдай орын алғанда жасайтын іс-әрекеттерге дайындығын бағалау мақсатында өткен оқу-жаттығу шарасына аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысты. Аудан әкімі азаматтық қорғаныс саласындағы қызметтердің апат болған жағдайға дайындық барысын жеке-жеке тексеріп, олардың дайындығына көз жеткізді.

Апат айтып келмейтіндігін ескерткен аудан басшысы апаттың алдын-алу, жұмылдыру даярлығын жүйелі жүргізудің өзектілігіне тоқталып, тиісті сала өкілдеріне теориялық білімдерін жетілдіріп отырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, аудан басшысы алдағы уақыттарда да мұндай оқу-жаттығу жиындарын жүйелі түрде өткізуді ұсынып, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 797 рет