Қала аумағында магистральды көшелерді тазалауға мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде 189 арнайы техника мен 500-ге жуық қызметкер жұмылдырылған. Сонымен қатар, саябақтар мен гүлзарлардағы жаяу жүргіншілер жолдарын тазалауға 114 қызметкер тартылды.
Инертті материалдар қоры:
* Құм: 24 800 м³
* Тұз: 13 200 тонна
Қазіргі таңда көше бойларында инертті материал себу, қарды тазалау және жаяу жүргіншілер жолдарын тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.
Аудандық деңгейдегі жұмыстар:
Абай ауданы аумағындағы 80 негізгі көше қардан механикалық тазартылып, инертті материалдар себілуде. 31 арнайы техника мен 100 адам жұмылдырылған. Қолда бар техника:
* КДМ: 21 дана
* Трактор: 4 дана
* Погрузчик: 3 дана
* Мини-трактор: 4 дана
Сонымен қатар, ішкі орам көшелері мен аулаларды тазартуға қосымша 11 техника мен 50 қызметкер тартылды. Аяқ жолдарды тазалайтын 10 арнайы аппарат жұмыс істеп тұр.
Әл-Фараби ауданында қар тазалау жұмыстарына 30 қызметкер мен 6 арнайы техника жұмылдырылды:
* ГАЗ-53: 3 дана
* КАМАЗ: 1 дана
* КДМ: 1 дана
* Мини-трактор: 1 дана
Қаратау ауданы ауданында ішкі орам көшелерді тазалауға 100 жұмысшы мен 12 арнайы техника қатысуда. Жалпы, 638 көшеде, оның ішінде әлеуметтік нысандар орналасқан 128 көшеде (102,9 км) және аяқжолдарда (123 км) тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Инертті материалдар қоры:
* Құм: 1 200 м³
* Тұз: 1 000 тонна
Тұран ауданы аумағында қар тазалау жұмыстарына 80 жұмысшы мен 9 арнайы техника жұмылдырылған.
Техникалар:
•Қар тазалайтын арнайы көлік (КДМ): 2 дана
* Жүк тиегіш: 1 дана
* Мини-жүк тиегіш: 1 дана
* Қар тазалайтын арнайы техника: 5 дана
Еңбекші ауданында ішкі орам көшелері мен аулалардағы қарды тазарту және инертті материал себу жұмыстарына 7 техника мен 132 адам жұмылдырылған. Қолда бар техника:
* Қар тазалайтын арнайы көлік (КДМ): 2 дана
* ГАЗ-53: 3 дана
* Мини-трактор: 1 дана
* Газель фермер: 1 дана
* Аяқ жол тазалайтын аппарат: 10 дана
Инертті материалдар: тұз: 315 тонна, құм: 513 м³
Қала әкімдігі тұрғындардан түсіністік танытып, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Тазалық жұмыстары күндіз-түні жалғасын табады.