Әл-Фараби көшесі бойында А-2 автомобиль жолынан бастап «Бадам» айналма жолына дейін созылатын 7,5 шақырымдық аумақ абаттандырылды. Жалпы ауданы 142 500 шаршы метр жер көгалдандырылып, келесі жұмыстар атқарылды:
• 9 ұңғыма қазылып, автоматты суару жүйесі орнатылды;
• 3994 гуджум ағашы мен 3832 шынар ағашы егілді;
• Көшенің кері бұрылыстары мен жаяу жүргіншілер жолына 2400 шаршы метр аумаққа 25 000 дана раушан гүлі отырғызылды.
•
Сонымен қатар, «AIKHAB PARTNERS» ЖШС тарапынан Темірлан тас жолы бойындағы қараусыз қалған 3 гүлзар қайта қалпына келтірілді. Бұл жұмыстар бюджеттік қаражатсыз жүргізіліп, нәтижесінде:
• 10 000 шаршы метр жер көгалдандырылды;
• Автоматты суару жүйесі, жарық шамдары, қоқыс жәшіктері және жаңа орындықтар орнатылды.
•
Бұл шаралар Шымкент қаласының келбетін жақсартып, тұрғындарға жайлы әрі көрікті орта қалыптастыруға бағытталған.