Сейсенбі, 17 Желтоқсан 2024 22:12

Шымкент дендросаябағының жасыл желек қоры жаңартылып, инфрақұрылымы жақсарды

Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябағында 2024 жылдың 10 айында ауқымды абаттандыру, көгалдандыру және ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды. Саябақтың негізгі бағыты ағаштардың жай-күйін күтіп-баптау және гендік қорды молайту болып отыр.

 

Саябақ аумағында 74 560 түп ағаш пен 4 615 түп бұта бар. Бос жатқан жерлерді көгалдандыру мақсатында:

• 100 түп каштан, 50 түп катальпа, 300 түп биота, 38 түп можжевельник ағаштары отырғызылды.

• Көктем мезгілінде 25 000 түп қызғалдақ гүлі мен 20 000 түп біржылдық сәндік гүлдер егілді.

• Тұқымбаққа 30-дан астам 346 түп ағаш-бұта отырғызылды (жеміс ағаштары, арония, барбарис, лаванда, дуб және т.б.).

Саябақтың гендік қорын дамыту мақсатында Өзбекстанның Ташкент қаласы мен Қазақстанның Астана, Алматы, Щучинск қалаларындағы ботаникалық бақтармен меморандумдар жасалды. Нәтижесінде:

• 132 түрлі ағаш-бұта тұқымдары мен 36 түрлі ағаш көшеттері әкелінді.

• Қызыл кітапқа енген 20 түп кәдімгі өрік, 60 түп зеравшан аршасы, 14 түп қызыл қайың, сондай-ақ сирек кездесетін өсімдіктер отырғызылды.

Өрттің алдын алу мақсатында саябақ аумағында ұзындығы 9,2 шақырым минералды жолақтар жыртылды.

А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ қаланың экологиялық тұрақтылығын сақтауға, жасыл желекті көбейтуге және қала тұрғындарына жайлы демалыс орнын ұсынуға зор үлес қосуда.

Оқылды 39 рет