«Бүгінгі таңда атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің ішінде 23 мың азамат жұмыспен қамту шараларына қатысты. Оның 20 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылды. Осы көрсеткіш бойынша біздің облыс республикада алдыңғы қатарға шықты» - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев.
«Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 8 мыңнан аса тұрғын қысқа мерізімді кәсіптік білім беру курсына оқуға жіберіліпті. Бұл жөнінде Мұхит Отаршиев: «Бірінші бағыт шеңберінде «Әр ауылға – өз шебері» атты акция аясында жұмыстар атқарылды. Биыл осы акция аясында 2500-ден аса азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Сондай-ақ 4 мыңнан аса адам оқуын бітіріп, оның 60 пайыздан астамы тұрақты жұмыспен қамтылды» деп отыр.
Сонымен қатар өңірде 1700-ден астам адам «Бизнес бастау» жобасы арқылы оқып, сертификат алған. Ал оның 584-і – шағын несие қол жеткізгендер. Жалпы, «әлеуметтік жұмыс», «жастар тәжірибесі» және «қоғамдық жұмыстар» сияқты үш бағыт бойынша облыстың көрсеткіштері жүз пайызды қамтып отыр.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.