Бүгінгі таңда тазалық акциясы басталып, елді мекен тұрғындары, қоғам белсенділері, дербес бөлім қызметкерлері мен мекемелер қоршаған ортаны тазартуға өз үлестерін қосып, аулаларын тазартып, ағаш отырғызу жұмыстары басталды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Бадам ауыл округінің Темірлан-Бадам тас жолы бойына көктемгі ағаш егу жұмыстары жүргізіліп, оған ауыл тұрғындары мен ауыл әкімшілік қызметкерлері қатысты. Жалпы 2000 дана қарағаш, жиде көшеттері отырғызылып, ағаш егілген жер қоршалып су жүйесі жүргізілген.
«WWW.AQ-QARA.KZ» – ақпарат