Сейсенбі, 25 Ақпан 2025 22:43

Таза Қазақстан: Ордабасы ауданы көлемінде ағаш отырғызу іс-шарасы басталды

Президент Қ.К.Тоқаевтің бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ордабасы ауданы көлемінде кең көлемді ағаш отырғызу шарасы басталды. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғау, жасыл желекті көбейту және аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Аудан тұрғындары, еріктілер, мемлекеттік қызметшілер мен белсенді жастар табиғатты аялауға өз үлестерін қосу үшін бірлесіп жұмыс жасауда. Бұл акция – туған жеріміздің экологиялық жағдайын жақсартуға қосқан үлкен үлес. Әр отырғызылған ағаш – болашақ ұрпаққа қалдыратын мұрамыз. Баршаңызды табиғатты аялауға, көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамыз.

«WWW.AQ-QARA.KZ» – ақпарат

 

Оқылды 182 рет