Бейсенбі, 08 Қараша 2018 15:13

Түркістан облысы: Жиенқұм ауылына ауызсу берілді

Ағымдағы жылдың мамыр айында Жиенқұм елді мекеніндегі құбырдың ұзындығы - 13,210 шақырымды құрайтын ауыз су құбыры желілерін құрылысы басталған болатын. Бәйдібек ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Жиенқұм елді мекенінде «Ar Kua Group» ЖШС-гі жүргізген ауыз су құбыры желілері пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбеков пен аудандық мәслихат хатшысы М.Нақыпбеков арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғандарының қуанышымен бөлісті. Шарада Жиенқұм елді мекені тұрғындарының атынан ауылға сапалы ауыз судың беріліп отырғанына ауыл қариясы Мақұлбек Тілеубердиев ел ризашылығы мен алғысын білдіріп, ауыз су құбырының тетігін іске қосты. Қазіргі таңда Жиенқұм елді мекеніндегі 841 тұрғылықты халық сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр.

Айта кетерлік жайт Бәйдібек ауданында өткен жылдан биылғы жылға өтпелі болып табылатын 1 «Ақтас-Қошқарата-Кеңсай» магистралды суаққы және 3 елді мекендегі (Ақтас, Қошқарата, Кеңсай) ауыз су құбырының құрылыстары жүргізілуде. Сонымен қатар биылғы жылдың мамыр айынан бастап Екпінді, Бірлік елді мекендерде ауыз су құбырларының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ осы жылы 3 елді мекендегі (Алғабас, Алмалы, Талап) ауыз су құбырының құрылысына республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталғалы отыр. Қазіргі таңда аудандағы 52 елді мекендердің 34 елді мекендерінде орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген (34 елді мекендердің халық саны – 45 796 адамды немесе 83,4 пайызды құрайды).

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 862 рет