– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді абаттандыру, көгалдандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес ауданда дәстүрлі түрде күз және көктем мезгілдерінде тұрақты түрде ағаштар егілуде. Мақсатымыз – егілген ағаштар жасыл желек саябаққа айналып, болашақта біздің ұрпақтарымыз біздің еккен ағаштарымызды саялайтын болады, – деді Арман Абдуллаев.
Оған қоса, жалпыаудандық сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстары барысында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған бейберекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау, шөптерді ору, ағаш түптерін әктеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы сенбілікке 800-ден аса адам қатысып, 4 тонна қоқыс шығарылып, 4 техника жұмылдырылды. Айта кетсек, ауданда тазалық шарасы әр апта сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат