• Қонаев даңғылының жалғасы (2, 5, 6 кезеңдер)
• А-2 айналма жолын қайта құру (5, 6, 7, 8 кезеңдер)
• Жандосов көшесінің жалғасын салу
• Асар-Шымсити шағынауданын қосатын жол құрылысы
• Алтынсарин көшесінің жалғасын салу
• Момынов және Тіленшин көшелеріндегі жерүсті өткелінің құрылысы
• Қазиев көшесінің жалғасын салу.
Күрделі жөндеу жұмыстары 6 көшеде жүріп жатыр. Олар - Юсупов, Тамшыбұлақ, Жаңақоныс, Ізенді, Сареми, Жаңақұрылыс, Қойкелді көшелеріндегі көпір.
Орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін магистраль көшелер - Қазиев, Сасбұқаев және Кремлевская көшелері.
5 аудан бойынша жөндеу жұмыстары:
• Абай ауданы: 79 көше, жалпы ұзындығы 64,7 шақырым
• Еңбекші ауданы: 72 көше, жалпы ұзындығы 34,3 шақырым
• Қаратау ауданы: 141 көше, жалпы ұзындығы 79,9 шақырым
• Тұран ауданы: 15 көше, жалпы ұзындығы 13,1 шақырым
• Әл-Фараби ауданы: 13 көше, жалпы ұзындығы 5,7 шақырым
Қазіргі уақытта жол құрылыс жұмыстары басталып, жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Жол жөндеу жұмыстарының нәтижесінде қала тұрғындарының жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жайлылығы артып, инфрақұрылым жақсарады.
Жыл басынан бері ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында 6 көше, жалпы 8,7 шақырым жолға асфальтбетон қабаты төселді. Бұл жұмыстар жол инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Олар: Бейбітшілік, Толстой, Тәуелсіздік, Темірлан тас жолы, Бәйдібек би даңғылы.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат