Осы олқылықтың орнын толтыру үшін қолға алынған «Қоныс аудару» бағдарламасы – тек көші-қон емес, болашаққа бағытталған нақты мүмкіндік. Жаңа өңір – жаңа тыныс, жаңа кәсіп пен тұрақтылықтың кепілі. Бағдарлама Түркістан облысында кең көлемде жүзеге асуда. Жетісай мен Мақтаарал аудандарында өткен жәрмеңкеге еліміздің 7 аймағынан келген делегациялар қатысып, 10 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынды. Халыққа бағдарлама шарттары жан-жақты түсіндіріліп, еңбекпен, баспанамен және әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету жолдары баяндалды.
Бағдарлама аясында ұсынылатын қолдау:
* Көшу шығындары толық өтеледі
* Бір жыл баспанамен қамту немесе жалдау ақысы мен коммуналдық төлемдерін өтеу
* Тұрақты жұмыспен қамту
* Кәсіп ашуға мүмкіндік
* Балабақша, мектеп, жер телімі сынды әлеуметтік мәселелер толық ескеріледі
Жетісай ауданындағы жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Бағдатұлы, облыстық «Еңбек мобильділігі орталығының» директоры Абзал Дәулетәліұлы, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Нұркен Серікұлы қатысып, 300-ге жуық тұрғынмен еркін форматта кездесу өткізді. Нәтижесінде 40-қа жуық жетісайлық, ал Мақтааралда 35 азамат қоныс аударуға ниет білдірді.
2015 жылдан бері «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында Түркістан облысынан көптеген отбасы өз еркімен солтүстікке қоныстанып, жаңа өмірге қадам басуда. Мақтаарал ауданынан 144 отбасы 2018-2024 жылдары аралығында жаңа өңірге аттанған.
Қоныс аудару – туған топырақтан үзілу емес, өмірдің жаңа белесіне бет бұру. Бұл – ел ішіндегі еңбек теңдігін қамтамасыз ететін, болашағы бар бағдарлама.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат