Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025 15:38

ОТЫРАР АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Отырар ауданында «Таза Қазақстан» шарасы аясында серпінді сенбілік өтті. Отырар ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына аудандағы жалпы кәсіпорындардың, қоғамдық, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен аудан тұрғындары, жалпы 1000-нан аса адам қатысты.

Сенбілік барысында «Арыс жағалауы» саябағы мен «Отырар төбе» қалажұрты мен «Арыстанбаб» кесенесінің маңы, ішкі көшелердегі қоқыстар техникалардың көмегімен арнайы орындарға шығарылып, көшеттер егілді. Тазалық жұмыстары жүргізілген аумақтарға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы да арнайы барып, көшет егу жұмыстарына атсалысты. Туған өлкемізді таза ұстау әрбір азаматтың парызы екенін айтып, тазалық мәдениеті қоқысты тазалаудан емес оны тастамаудан басталатынын атап өтті. Сондықтан әрбір тұрғын өз туған жерінің, туған үйінің ауласын таза ұстап, табиғатқа жанашырлықпен қарау керектігін жеткізді.

Аудан әкімі шара барысында: «Алдағы уақытта да барлық ауыл округтерінде «Таза Қазақстан» шарасы аясында сенбілік жұмыстарын жоспарға сай тұрақты түрде ұйымдастыру қажет. Биыл жыл соңына дейін 50 мыңнан аса көшеттер егіледі деп жоспап отырмыз. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Сондықтан баршаңызды аудан аумағындағы тазалық жұмыстарына атсалысуға шақырамын»,-деген аудан халқына арнаған үндеуін жолдады.

Айта кетейік, аудан көлеміндегі тазалық шарасында 14 техниканың көмегімен 8,6 тонна қоқыс арнайы аумаққа шығарылды. Көше бойындағы ағаштардың қураған бұтақтары қырқылып, түптерін қопсыту, әктеу, көшет егу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қоршаулар сырланып, жол бойындағы қасбеттерге жөндеу жұмыстары атқарылды.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 20 рет