Жалпы тазалық шарасында аудан аумағы толық қамтылып, республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстар тазаланып, шөптері орылды. Оған қоса, арық-атыздар тазаланып, әктеу-сырлау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Арнайы қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған қоқыс полигондары ретке келтірілді. Сенбілікке 800-ден аса адам біркісідей атсалысып, 5 арнайы техника жұмылдырылып, 6 тонна қоқыс шығарылды.
Жалпыаудандық сенбіліктің мақсаты – аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл – олардың аудан тазалығына қосқан үлесі.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат