Мамандардың айтуынша, Бөржар және Бадам ауылдарында зиянкестер көп шоғырланған. Атқарылған жұмыстарға 8 арнайы техника, 10 дана химиялық препаратты шашатын аспалы бүріккіш құралдар, 30 сала маманы жұмылдырылған. Зиянкес шегірткеге қарсы күрес шараларының тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында дәрілеу жұмыстары әлі де жалғасуда.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат