2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Түркістан облысының 300 астам өнеркәсіп кәсіпорындарымен 323,9 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 97%-ды құраған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғанибет Әубәкіров айтып берді. Өнеркәсіптің көлемінің төмендеуіне Түркістан облысының уран өңдейтін кәсіпорындарының көлемінің төмендеуі әсер еткен. Өнеркәсіптің нақты көлем индексі бойынша уран өндіруші кәсіпорындардың үлесі 46% астам, өнеркәсіптегі металлургияның үлесі 12% құрайды.
Түркістан облысында 2015-2019 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасына жалпы инвестиция көлемі 426 млрд.тг. құрайтын 87 жоба енгізіліп, алдағы уақытта 11 мың жұмыс орны ашылатын болады. 2015-2017 жылдар аралығында 19 млрд.теңгеге 35 жоба іске қосылып, 1 000 астам жұмыс орыны ашылды. Жобалардың есебінен 2017 жылдың қорытындысы бойынша 7 млрд.тг. тауар өндіріліп, өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 3%-ға жетті. 2018 жылы 16,8 млрд.тг 9 жобаны іске қосу жоспарланған, оның ішінде 4 жоба іске қосылыпты.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»