Жәрмеңкеге жергілікті тауар өндірушілермен қатар, көршілес облыстардан келген шаруа қожалықтары мен көтерме сауда өкілдері қатысты. Қала тұрғындарына азық-түлік өнімдері нарықтағы бағадан төмен бағада ұсынылды.
Жалпы, азық-түлік жәрмеңкелері бұдан бөлек, қаланың тағы 6 аумағында да тұрақты түрде өткізіліп келеді.Нақты айтар болсақ:
Сейсенбі күндері – «Тұран-2» шағынауданы, №43 көпқабатты тұрғын үйдің қарсы бетінде;
Сәрсенбі күндері – «Нұрсәт-3» шағынауданы, №52 тұрғын үй жанындағы автотұрақ аумағында;
Бейсенбі күндері – «Тұран» шағынауданы, «Zharqyn tau» сауда үйінің алдындағы автотұрақта;
Жұма күндері – «Shymcity» шағынауданы, №21 тұрғын үйдің алдында (күнбатыс бөлігі, автотұрақ жанында;
Сенбі күндері – «1000 ұсақ-түйек» дүкенінің алдындағы алаңында;
Жексенбі күндері – «Астана» шағынауданы, №74 және №77 тұрғын үйлердің артындағы автотұрақ алаңында азық-түлік жәрмеңкелері өтіп жүр.
Мұндай жәрмеңкелер қала тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді бағамен азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат