Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, жайылым жер, медициналық қызмет, коммуналдық қызмет, тұрғын үй салуға жер телімін бөлу сынды күрделі әрі маңызды мәселелер жөнінде өтініш-ұсыныстарын білдірді. Тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй мәселесін көтерді. Одан бөлек мекенжай тіркелімінде орын алған мәселе талқыланды. Медициналық қызметке көңілі толмайтынын білдірген азаматтар да болды.
Аудан әкімі жауапты қызметкерлерге осы мәселелерді нақты шешіп, тұрғындарға үй кезегіне тұрудың, үй кезегін күтудің мән-жайын айқын түсіндіруге, мекенжай тіркелімін қысқа мерзімде, тұрғынға оңтайлы ретте қалпына келтіруге тапсырма берді. Медицина мекемесінің қызметкеріне «бәріміз өз деңгейінде халыққа қызмет етіп, жағдай жасауымыз қажет»-деп, өз тарапынан талап пен тапсырмаларын жеткізді.
Қабылдау барысында аудан басшысы өзге де арыз-шағымдар мен ұсыныстарды жеке-жеке тыңдап, жауапты қызметкерлермен бірге зерделеп, айтылған мәселелердің шешілуіне барынша ықпал жасайтынын, тұрақты түрде бақылауға алатынын жеткізді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат