Сенбі, 24 Мамыр 2025 20:07

Ордабасы ауданы: Бөген және Жеңіс ауыл округтеріне қарасты ауылдардағы көптеген мәселелер шешімін тапқан

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың 2024 жылдың қорытындысы мен ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есеп беру жиындары бүгін Бөген және Жеңіс ауыл округтерінде өтті.

Аталған ауыл округтеріндегі жиындарда аудан басшысы өткен кездесулердегідей ең алдымен ауданның қазіргі экономикалық-әлеуметтік жағдайына жан-жақты тоқталып өтіп, келесі ретте кездесу өтіп отырған Бөген және Жеңіс ауыл округтеріндегі хал-ахуалды кеңінен саралады.

Бүгінгі күнде ауыл округтеріне қарасты ауылдардағы көптеген мәселелер шешімін тауып, қалғаны нақты жоспарланған. Ауылдардағы ауыз су тұрғысындағы кемшін тұстар қалпына келтірілуде. Жаңа су мұнарасы орнатылып, су жүйесіндегі ескі жабдықтар жаңартылуда. Табиғи газ жеткізілген. Білім беру, денсаулық сақтау нысандары қалыпты жағдайда қызмет етуде. Бірқатары жаңа салынған. Спорт кешендері жөндеуден өткен. Мәдениет үйін жөндеуге қаржы қаралып, жаңа әкімшілік ғимарат салу жоспарланған. Негізгі көшелер жарықтандырылып, ойын алаңшалары орнатылып, асфальт төселіп, аяқжолдар жасалған. Бұл ауылдардағы ғаламтор мәселесі, әлі де ойын алаңшаларын орнату қажеттілігі бар екені аудан басшысының назарында. Келесі қадамдар осы мәселелерді шешуге бағытталмақ. Шаруашылық саласында каналдарды күрделі жөндеу, механикалық тазалау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Ендігі мақсат тиісті қаржы құрылымы арқылы қалдық су дренаждарын жүйеге келтіру бағытында нақты шаралар жүргізу.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары жедел жәрдем, мал тоғытатын арнайы орын, тарихи орындарды абаттандыру жөніндегі көкейдегі сұрақтарын жеткізді. Аудан басшысы бұл мәселелерді шешу жолындағы өз жоспары, мен ұсынысын ортаға салып, тұщымды жауабын айтты. Жиын соңында Аудан әкімі барша жұртшылықты ел көлемінде қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысуға, игі істерді жұмыла, бірлесе атқаруға шақырды.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 53 рет