Ең алдымен аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Байтүгелов сөз алып, қазіргі таңдағы эпидемиологиялық маңыздылығы бар нысандардың ішінде кейбір олқылықтарды атап өтті. Мәселен, қыркүйек, қазан айларында «Нұр-Бала» бөбекжайы және «Салтанат-М» бөбекжайын санитариялық тексеру кезінде бірқатар кемшіліктер кездескен. Яғни, заңда көрсетілген тәртіптер аясында аталған басқарма профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізді. Бақылау мен қадағалау жүргізу барысында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталған. Соңында басқарма тарапынан сол аты аталған бөбекжайларға нысанды санитарлық талапқа сай етіп қою туралы ұсыныс берілді. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 62-бабы 2-тармағы талабына сәйкес: «Эпидемиялық маңызы бар объектілерді салу жобаларының, сондай-ақ, қала құрылысы жобаларының санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылар жүргізеді.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабында көрсетілгендей: «Жобалау құжаттамасы: «Объектілердің және олардың кешендерінің құрылысы (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу), сондай-ақ коммуникацияларды төсеу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, елді мекеннің бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салу жобасына (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасына) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
Және де, қозғалған мәселеге қатысты аудандық прокуратураның прокуроры А.Мықтыбек, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы кеңесшісі Б. Қуанышбеков, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі басшысы орынбасары Е.Шолпан, аудандық білім бөлімі әдіскерлері Ш. Жаңабердиев, С. Қыпшақбаев, ОҚО кәсіпкерлер палатасының аудандық қызметкері К. Төлепбергенов, «ҰСО» филиалының аудандық бөлімшесі бастығы Ф. Сидикалиев өз пікірлерін білдірді. Жиын соңында аталған мәселе бойынша аудан кәсіпкерлері арасында эпидемиологиялық маңыздылығы бар нысандардың құрылысына қатысты туындап отырған мәселелер бойынша семинар-жиындар өткізілетін болды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»