Шара барысында өңір басшысы жиналғандарды мерекемен құттықтап, аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, оның ішінде зағип жандарға қаржылай көмек қолын созып жүрген бір топ кәсіпкерлерге алғыс хат табыс етті.
«Бүгінгі таңда елімізде зағип жандарға мемлекет тарапынан барлық қолдаулар көрсетіліп келеді. Өйткені зағип жандар барлық азаматпен теңдей және еш кедергісіз көмек алуға құқылы. Сондықтан біз Сіздерге деген қолдау, қамқорлығымызды қолдан келгенше аямаймыз», - деді Жамантай Қанайұлы.
Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында 148 зағип жан тұрады. Олардың бәрі дерлік аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы мемлекет тарапынан берілетін көмектерді дер кезінде алып отыр. Бұл жөнінде аталған бөлімнің басшысы Әділхан Әбжанов тілге тиек етті.
Сондай-ақ шара барысында Жетісай аудандық Зағиптар қоғамдық ұйымының төрағасы Бақтияр Сары жыл бойы атқарылғанжұмыстарын баяндап, жиналғандарға есеп берді. Оның айтуынша, өңір кәсіпкерлерінің қолдауымен зағип жандарға 548 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіліпті. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.