Жексенбі, 20 Шілде 2025 11:32

Шымкент: Цифрландыру мен инновацияларды енгізу процесі ойдағыдай нәтиже көрсетуде

Қазіргі таңда, қаланы цифрландыру «Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларының эталонды стандарты аясында жүзеге асырылады. Атап айтқанда, қала аумағында барлығы 3177 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында қиылыстарда 845 бейнебақылау камерасы және қаланың желілік учаскелерінде 832 бейнебақылау камерасы, ал қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жалпы бейнебақылаудың 1500 айналмалы камерасы, сондай-ақ қаланың барлық мектептерінде 2385 бейнебақылау камерасы және 381 SOS батырмасы орнатылған.

 

Қоғамдық көлік басқару бойынша қоғамдық көліктің қозғалысын бақылау жобасы жүзеге асырылды. 

 

Жол ақысын электрондалды.  Ол KASPI, QR, SMS арқылы қолжетімді. Қалалық қоғамдық көліктер үлесі 100%.

 

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында Смарт су есептегіш құралы және жарықтандыруды басқару жүйесі қарқынды дамып, қала аумағында толық 100% цифрландырылған.

 

Жер қатыныстар саласында: бірқатар қызметтер автоматтандырылып, қаланың геоақпараттық жүйесі geo-shym.kz енгізілді. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласында 16 мемлекеттік қызмет пен сервис автоматтандырылды, сондай-ақ жер учаскелерін электронды түрде беру бойынша қызметтің 2 түрі көрсетіледі.

 

Қазіргі таңда, білім беру ұйымдары интернет-порталымен 100% жұмыс істейді.

 

Денсаулық сақтау саласы бойынша қазіргі уақытта медициналық 35 ұйымда «ДамуМед» ақпараттық жүйесі енгізіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

 

Қаладағы мемлекеттік медициналық мекемеде QR-код жүйесі іске қосылды. Жаңа технология арқылы дәрігерлер жайлы деректер, жұмыс кестесі, еңбек өтілі және науқастардың пікірлерін білуге мүмкіндік бар.

 

PACS жүйесі уақытты үнемдеу, қашықтан құжат алмасу, жұмысты автоматтандыруға септігін тигізеді.

 

Қала аумағында атмосфералық ауаны автоматты түрде бақылайтын 10 станса құрылды. Стансалар қала аумағындағы атмосфералық ауаның ең ластанған жерлерінде орнатылды. Мәселен, тұрғындардың шағымдарына байланысты мұнай өңдеу зауыты мен «Оңтүстік» индустриялы аймақтарда орналылған.

 

Туризм және мәдениет саласындағы «Visit Shymkent» туристік порталы – KAZNET-тегі ең ірі туристік порталдардың бірі әрі желідегі «Саяхат» бөлімінде тұрақты түрде жоғары орын иеленіп келеді. Портал қала тұрғындары мен туристердің таңдауын жеңілдететін, олардың ақшалай және уақыт ресурстарын үнемдейтін цифрлық сервиске айналды.

 

Сонымен қатар биыл жол қозғалысын реттейтін автоматты басқару (ақылды бағдаршам), автожолдардың сапасын бақылау, жасыл кеңістіктердің сандық есебі жүйелерін цифрландыру бойынша жобалар іске асырылуда.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау шеңберінде «Astana Hub» халықаралық технология паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «ІТ Hub» ашу тапсырылған болатын. Тапсырманы орындау шеңберінде 2024 жылы 17 тамызда Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев және қала әкімі Ғ. Сыздықбековтің төрағалығымен  Shymkent–HUB ашылды.

 

Одан бөлек: 

 

1. «Alaqan» - бәріне бірыңғай қолжетімділік қағидаты арқылы жұмыс істейтін қол алақанының тамырлары бойынша патенттелген биометрияға арналған экожүйесі. Аталған жүйе бойынша әкімдік және «Alaqan Technologies» компаниясының арасында ынтымақтастық туралы меморандум түзіліп, қалалық әкімдік ғимаратының және Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп гимназиясының кіре берістеріне биометриялық аутентификация жүйесі енгізілді.

 

2. Қатты тұрмыстық қалдықтар орындарында «Цифрлы контейнер» жобасын іске асыру мақсатында қаламыздағы қоқыс алаңшаларына талдау жұмыстары жүргізіліп, жеке компания тарапынан Желтоқсан көшесі №88 мекен-жайында орналасқан қоқыс алаңшасына 3 аналитикалық бағдарламалық бейнебақылау жүйесі пилотты түрде орнатылды.

 

QR код арқылы 109-Бірыңғай байланыс орталығының ватсап мессенджеріне тікелей сілтеме.

 

3. «HR-process» – білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт ұйымдарына арналған кадрлық іс жүргізудің «бұлтты» жүйесі.

 

Аталған жобаны №2 Шымкент қалалық емханасына пилотты түрде енгізу жұмыстары жүргізілуде.

 

4. «Цифрлық комплаенс ассистент» жүйесін іске асыру мақсатында Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына қарасты «Куатжылуорталык-3» КММ-ге пилотты түрде іске асырылуда.

 

Оқылды 193 рет