Жеке қабылдауға бірнеше аудан, қаланың азаматтары келген. Олар бірқатар маңызды мәселелерді ортаға салды. Түркістандық тұрғын жер мәселесін қозғады. Кезекті тұрғын робототехника бағытында турнир өткізуге өтініш білдірді. Ал төлебилік азамат Зертас елді мекеніне спорт кешенін салу ұсынысын жеткізді. Өзге де мәселелер тыңдалды.
Облыс әкімі азаматтардың өтініш-тілектерін назарға ала отырып, жоғарыда көтерілген мәселелерді шешу бойынша қажетті шаралар көрілетінін айтты.
Айта кетейік, облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.