Аталған жұмыстар ауданға қарасты Құмтиын, С.Қожанов, Нұртас, Қаражон, Егізқара, А. Үсенов, Ынталы, Ойық, Қазақстанның 30 жылдығы, Еңбекші Дихан және Оранғай елді мекендерінде жүргізілді. Барлығы 11 елді мекенде залалсыздандыру шаралары атқарылып, олардың ішінде 4 елді мекен арнайы жоспарға енгізілген. Жоспар бойынша жалпы көлемі 26 866 500 шаршы метр тегіс және бұталы аумақ өңделуі тиіс. Қазіргі таңда оның 10 191 000 шаршы метрі өңделіп, жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда.
Залалсыздандыру жұмыстары дельтаметрин және дельтекс препараттары арқылы жүргізілуде. Бұл препараттар кенелерге қарсы тиімді әсер етіп, олардың таралуының алдын алуға мүмкіндік береді. Мамандар тұрғындарды табиғат аясында жүрген кезде сақтық шараларын сақтауға, қорғаныш киімдерін пайдалануға және кенеден қорғану ережелерін ұстануға шақырады. Сауран ауданында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат