Әр секторға 1 су таситын техникадан белгіленген. Өңдеу барысы аумақтық инспекция тарапынан бақылауға алынуда. Сонымен қатар, Саяқ шегірткесіне қарсы ағымдағы жылға 4080 гектар өңдеу жұмыстары жоспарлануда. Бұл жұмыстар жергілікті атқарушы органдар арқылы іске асырылмақ. Сауран ауданында 60 анықтаушы, 12 су көзі, 6 көлік және 2 жатын орын жоспарланған. Қазіргі таңда анықтаушыларды жұмысқа алу бойынша облыстық жұмыспен қамту басқармасына ресми хат жолданды.Бағалау нәтижесінде 970 гектар аумақ анықтаудан өтіп, 500 гектар жер дәріленді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде шегіртке популяциясын бақылау және зиянкестерге қарсы тиімді күрес жүргізу мақсатында барлық қажетті шаралар қабылдануда.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат