Бүгінде тұрғындар сұранысына сәйкес аталған жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төсеу жұмыстары басталды. Ұзындығы 8,8 шақырымды құрайтын жолды жөндеу 2026 жылдың бірінші жарты жылдығына аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, аудан көлемінде автомобиль жолдарының сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Айта кету қажет. Аудан аумағындағы автомобиль жолдарының ұзындығы – 863,3 шақырым. Оның ішінде 72%-ы қанағаттанарлық жағдайда.– Облыстық маңыздағы жолдар: 325,9 шқ (59%), – Аудандық маңыздағы жолдар: 109,7 шқ (82,2%), – Ішкі көшелер: 427,7 шқ (89,3%). 2025 жылы елді мекендердегі бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ішкі жолдардың сапасы айтарлықтай жақсарды. 2026 жылы да аудан бойынша бірқатар көшелерге асфальт және тас төсеу жұмыстары жалғасып, жолдардың қанағаттанарлық деңгейі 93%-ға дейін жеткізу көзделуде. Жол сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасын табады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат