Жаңа баспанаға 31 отбасы ие болды. Олардың қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, сондай-ақ, бюджет саласының қызметкерлері бар. Пәтерлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеңілдетілген несиелеу шарттарымен берілді. Көп қабатты үйлер Бозарық шағынауданында орналасқан және барлық құрылыс нормасы мен сапа талаптарына сай пайдалануға беріліп отыр. Пәтер бөлу «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары аясында, төлем қабілеттілігін растаған азаматтар арасында жүзеге асырылды. Айта кету керек, мұндай жобаларды іске асыру Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде жүргізіліп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат