Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Көктерек кентінің тұрғындарымен кездесіп, елді мекенді табиғи газбен қамту жұмыстарының нәтижесімен танысты.– Біздің басты міндетіміз – халыққа сапалы қызмет көрсетіп, тұрғындарға қолайлы өмір сүру жағдайын жасау. Осы орайда елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету – негізгі басым бағыттардың бірі. Басталған әрбір жұмыс сапалы әрі уақытылы аяқталуы үшін жүйелі түрде жұмыс жүргізетін боламыз, – деді Арман Абдуллаев.
Кездесу барысында тұрғындар табиғи газдың қосылғанына ризашылықтарын білдіріп, атқарылған жұмыстарға алғыс айтты. Айта кетейік, жобаны аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысымен «Ынтымақ-ОК» ЖШС іске асырды. Қазіргі таңда тұрғын үйлерді кезең-кезеңімен табиғи газға қосу жұмыстары жалғасуда. Жалпы, 2820 тұрғынды «көгілдір отынмен» қамту жоспарланған. Қызмет көрсетуші мекеме – «Келес Трансгаз» ЖШС.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат