Сенбілік барысында аудан аумағында санитарлық-тазалық жұмыстары кешенді түрде жүргізілді. Атап айтқанда, орталық саябақтар мен скверлер, гүлзарлар, республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың бойы, сондай-ақ елді мекендердегі орталық көшелер мен арық-атыз жүйелері қоқыстан тазартылды. Экологиялық акция аясында табиғатты көркейту және жасыл желекті көбейту мақсатында 1000 түп көшет отырғызылды. Сонымен қатар тазалық жұмыстарына 20-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде жалпы аумағы 1000 гектар жер тазартылды. Жиналған тұрмыстық қалдықтардың көлемі 20 тоннаға жуықтады.
Бұл ауқымды шара – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды табиғатты аялауға шақыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сенбіліктер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады. Мақтаарал ауданының тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінің белсенділігі өңірдің тазалығы мен көркіне деген жауапкершіліктің жоғары екенін көрсетті. «Жасыл болашақ» акциясы аясындағы жұмыстар ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға және келешек ұрпақ үшін таза әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат