Қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен шараға аудан тұрғындары, мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, ерікті жастар мен түрлі сала мамандарынан жалпы саны 10 мыңға жуық адам қатысты. Сондай-ақ 7 арнайы техника жұмылдырылып, 10 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, белгіленген аумақтар толық қамтылды.
Сенбілік жұмыстары Арыс өзені бойында, Темірлан тұқымбағында және ауданға қарасты 10 ауылдық округте жүргізілді. Іс-шара барысында мыңға жуық көшет отырғызылып, елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары жүзеге асырылды. Сонымен қатар мың гектарға жуық аумақ тазартылып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Санитарлық тазалық жұмыстары аясында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойы, саябақтар мен скверлер, көпқабатты тұрғын үйлердің аумақтары мен арық-атыздар тазартылып, ағаштардың түптері әктелді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат