Көркейту-көгалдандыру жұмыстарын аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тікелей бақылауына алып, аудан орталығындағы ішкі көшелер мен саябақтарды аралады. Аумақтарды абаттандыру, жасыл желекті көбейту бағытындағы жұмыстардың барысымен танысып, жауаптыларға нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, аудан басшысы Шолаққорған–Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағына барып, отырғызылған тал көшеттерінің жай-күйін зерделеді. Қазіргі таңда мұнда көшеттерді күтіп-баптау, суару, тыңайтқыш беру және қосымша тал егу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, бүгінгі сенбілік барысында Шолаққорған ауылы 5 секторға бөлініп, 144 көшеге жауапты мекемелер бекітілді. Әрбір секторда тазалық жұмыстары қарқынды атқарылып, күл-қоқыс шығарылып, аумақтар ретке келтірілді. Сонымен қатар, көше бойындағы талдардың түптері әктеліп, санитарлық тазалық шаралары жүргізілді. Жалпы сенбілікке 5000-ға жуық адам мен 20-дан астам техника жұмылдырылып, 1000 түпке жуық тал көшеті отырғызылды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат