– Мұндай игі іс – аудан азаматтары арасында жақсылық жасау эстафетасы ретінде дәстүрлі түрде жалғасуы керек. Мектептердің әр жылғы түлектерін ауыл ақсақалдарымен ақылдасып, келісіп елге қажетті осындай нысандарды салуға шақырамын», - деді аудан басшысы. Түлектердің игі бастамасымен қолданысқа берілген алаңшаға демеушілік жасағандарға ризашылығын білдірген ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, алғыстарын айтты.
Балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастырумен қатар бұқаралық спортты дамыту, насихаттау және өскелең ұрпақты спортқа тәрбиелеу мақсатында салынған ойын алаңшасында арнайы жаттығуға қажетті жабдықтардың, волейбол алаңшасының салынғанын, қауіпсіздік үшін бейнебақылау камераларының орнатылғанын жеткізді. Ауыл тұрғындарын ерекше қуанышқа бөлеген айтулы шарада бүлдіршіндерге тәттілер таратылып, сый-сияпаттар жасалды. Сондай-ақ ел ағаларына құрмет көрсетілді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат