Ауқымды акцияға Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай-қажы Тағанов, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басшылары, дін ғұламалары, руханият саласының өкілдері мен ясауитанушылар қатысты. Шара барысында қатысушылар өңірді көгалдандыруға өз үлестерін қосып, ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл бастама – табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» акциясының маңызды бөлігі.
Айта кетейік, 2 жыл көлемінде Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы бастау алған сәттен бері 2 миллионнан астам ағаш егілді. 11 саябақ, 8 сквер және 4 аллея ашылды. «Мөлдір бұлақ» акциясы арқылы 155 бұлақ, 77 өзен тазартылды. Биыл да 1 миллионнан астам ағаш егу жұмысы жүріп жатыр.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат