Майдантал ауылдық округінің құрамына Ынталы, Қаражон және Егізқара елді мекендері кіреді. Әлеуметтік салада атаулы әлеуметтік көмек бойынша 4 отбасыға 871 мың теңгеден астам қаржы төленді. Мансап орталығы арқылы 15 тұрғын қоғамдық жұмыстарға тартылып, жастар практикасы аясында 1 жас маман жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ «Әлеуметтік бақша» жобасы аясында 2000 көшет егілді.Ауыл шаруашылығы округ экономикасының негізгі бағыты болып табылады. Биылғы жылы 1660 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Кәсіпкерлік бағытында округте 72 шаруа қожалығы, 9 сауда дүкені, 1 кафе және 3 монша халыққа қызмет көрсетуде.
Жиын барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы кезеңде жүзеге асырылатын жобаларға тоқталып, тұрғындармен ашық пікір алмасты. Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді. Аудан басшысы айтылған ұсыныстар мен ескертулер хаттамаға енгізіліп, олардың орындалуы бақылауға алынатынын атап өтті.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат