Аудан әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Тұрғындар тарапынан ауыз су, ағын су жүйесін жақсарту, ішкі көшелерді жөндеу, көше жарықтандыру, электр желілерінің сапасын арттыру, қоғамдық көлік қатынасы, жайылым жер мәселелері және елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығын дамыту, жастарды жұмыспен қамту, әлеуметтік нысандардың жай-күйі және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы мәселелер көтерілді. Кездесу қорытындысында аудан әкімі барлығы көтерілген мәселелер бақылауға алынып, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат