Ауыл шаруашылығы саласы округ экономикасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінде округте 3 140 бас ірі қара, 24 670 бас уақ мал, 2 160 бас жылқы және 21 бас түйе өсірілуде. Жалпы көлемі 111 707 гектар ауыл шаруашылығы жерінің 23 306 гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді құрайды.Кездесуде инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы да таныстырылды. Округ аумағында 10 мың басқа арналған мал бордақылау кешені мен 1 400 басқа арналған сүт фермасының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар бес мал қорасы мен малшы үйлерінің құрылысы атқарылып, ауыл шаруашылығы саласын жаңғырту мақсатында 8 техника сатып алынған.
Өндіріс саласын дамыту мақсатында Бабайқорған елді мекені аумағынан өндірістік аймаққа 10 гектар жер телімі белгіленген. Сондай-ақ Бабайқорған, Абай, Үлгілі және Құмайылқас елді мекендерінен жалпы 65 гектар жер мал бордақылау алаңдарын орналастыру үшін дайындалған. Жиын барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы міндеттерге тоқталып, ауылдық округтердің экономикалық әлеуетін арттыру, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті. Кездесу соңында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат